Экономика
Выбор редактора
Алматыда "Be in BF" бизнес-фестивалі өтуде
Бүгін Алматыда "Be in BF" фестивалі басталды. 18-19 маусым күндері өз кәсібінің тиімділігін арттырып, өзін-өзі дамытқысы келетін, жеке және кәсіби таныстар аясын кеңейтуді ойлайтын адамдар "Be in BF" шараларына қатыса алады.
Фестиваль аясында Қазақстан және Ресей бизнес-лидерлері 30 астам мастер-класс өткізеді, қатысушылар үшін 9 "Be-аймақ" (Be in Business, Be in Deal, Be in Team, Be in Success және т.б.) қызмет етеді.
- белсенді танысу және байланыстарды оранту алаңы;
- компаниялардың, тауарлар мен қызметтердің көрмесі;
- "Бизнес Молодость" жобасы туралы ақпарат алу аймағы;
- денсаулық және белсенді өмір салты аясындағы комапаниялардың, тауарлар мен қызметтердің жәрмеңкесі;
- іскери имидж қалыптастуға арналған аймақ;
- баспасөз мәслихаты мен сұхбатқа арналған алаң;
- "Speed Dating" форматындағы жұмыспен қамту және танысу шарасы;
- бейресми бизнес-алаң;
- кәсіпкерлерге арналған мастер-кластар аймағы.
Фестиваль қонақтары мен спикерлері - "Бизнес Молодость" жобасының негізін қалаушы Петр Осипов; Choco Holding (Chocolife, Chocotravel, Chocomart, Chocofood, Lensmark, Intermarket) негізін қалаушы Рамиль Мухоряпов; Алматы қаласы бойынша "Даму" қорының аймақтық филиалының директоры Андрей Романов және бизнестің дамуы үшін маңызды салалардың сарапшылары.
Алғашқы "Be in BF" фестивалі Қазақстанда бизнесті дамыту жөніндегі көп функционалды кешен "
Бизнес фабрика" жобасының ресми ашылуына орай өткізілуде.
Фестиваль "Бизнес Фабрика" серіктестерінің күшімен өткізіліп отыр.
Бүгін, 18 маусым күні, және ертең, 19 маусым күні өтетін фестивальдің қонақтары және өткізілетін мастер-кластар туралы толығырақ ақпаратты
мына жерден ала аласыз.