Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда белгісіз адамдар кәсіпкерді ұрлап кетті

Алматыда белгісіз адамдар кәсіпкерді ұрлап кетті

Алматы. 20 сәуір. 7kun.kz – Алматы полицейлері белгісіз жағдайда жоғалып кеткен ер адамды іздестіріп жатыр. Бұл туралы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады.

20 сәуір күні желіде жас кәсіпкердің жоғалғаны туралы ақпарат тарады. Хабарламада белгісіз адамдар  үйіне қайтып бара жатқан кәсіпкерді ұрлап кеткендігі жазылған.

«Алматыда кәсіпкерді ұрлап кетті. Бүгін таңғы сағат 4-те ол «Трезвый водитель» таксиін шақырған және жол үстінде қақпаны ашсын деп әкесіне хабарласқан. Бірақ үйге келмеген. Алаңдаған әкесі кафеге барып таксидің нөмірін алады. Такси жүргізушісі жолаушыға біреулер күш көрсетіп, қызыл түсті Subaru Outback маркалы көлігіне салып алып кеткен», - деп жазылған әлеуметтік желілердегі хабарламада.

Қалалық Ішкі істер департаменті 20 сәуір күні Алатау аудандық Ішкі істер басқармасына Алматы тұрғындарының шағымданып келгендігін растады. Олар туыстары 1987 жылғы Алиевтің жоғалып кеткенігін хабарлады.

«Алиев есімді азаматтың кәсібі туралы ақпарат жоқ, әзірге уақытша жұмыссыз. Қазіргі уақытта іздеу әрекеттері басталып кетті. Оның жоғалып кету себептері анықталып жатыр», - деп атап өтті Салтанат Әзірбек.

Похожие материалы