Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда «Bereke» қаржылық сауаттылық орталығы ашылды

Алматыда «Bereke» қаржылық сауаттылық орталығы ашылды

Алматы. 15 қараша. 7kun.kz  Халыққа несие алуда және басқа да қаржы операцияларында қателіктерді ескерту мақсатында ашылған орталықта жеке қаржы жоспарын құрудан бастап бизнес ашу үшін қаржыландыруды іздеуге дейінгі тегін семинарлар өткізіледі, деп мәлімдеді Атамекен ҰҚП баспасөз қызметі.

Бұл ҚР Ұлттық кітапханасы мен «Айгүл Әбдірайымованың қаржы сауаттылық мектебі» бірлесіп ұйымдастырған әлеуметтік-білім беру жобасы. Ұйымдастырушылар атап өткендей, жоба жастарға, жұмыскерлерге, зейнеткерлер мен шағын және орта бизнес өкілдеріне қаржы саласына қатысты кеңес береді.

«Ұлттық кітапхана жұмысында заманауи оқырманның қызығушылығына сай болуға талпыныс бар. Ұлттық кітапхана бұл жобаны бір-ақ күнде қолға алған жоқ. Біз Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасымен екі жыл жуық уақыт жұмыс істеп келеміз. Таяуда ғана интернет-маркетинг бойынша оқыту курсы аяқталды. Google мен Яндекс секілді халықаралық озық компаниялардың спикерлері алматылықтарға дәріс оқыды», ­- деді ҚР Ұлттық кітапхана директоры Жанат Сейдуманов.

ҚР Ұлттық банкі Алматы қалалық филиалы директорының орынбасары Сәлима Жұрынованың айтуынша осындай орталықты ашудың маңызы зор. Ұлттық банк міндеттерінің бірі – қаржылық қызметті тұтынушылардың құқығын қорғау. Мемлекеттік реттеу сараптамасы бойынша Ұлттық банкке түскен өтінімдердің 90 пайызыт негізсіз. Жекелеген адамдар азаматтардың қаржылық сауаттылығының төмен екендігін пайдала отырып оларды аздастырады. Сонымен қатар көпшілік қаржысын тиімді жұмсауды және қандай да бір қаржылық қызметті алуды біле бермейді.

Похожие материалы