Бұған дейін хабарлағанымыздай бүгін Алматы маңындағы "Молодежный" шыңы қар көшкіні жүріп, салдарынан 2 франциялық зардап шекті. Қалалық ТЖД хабарлауынша оның біреу қаза тауып, екіншісінің иығы шығып, жамбасы жарақаттанған.
Қаза тапқан адамды табуға ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары - кинологтардың "Чарли" иті көмектескен. Мәйіт құтқару қызметінің тікұшағымен "Медеуге"дейін жеткізілді.
Оқиға орнында жалпы 6 адам болған, олардың бесеуі Франция азаматтары және біреуі қазақстандық гид.
Оқиға орнында болған ТЖД бастығының орынбасары, полковник Ерлан Әлібековтің айтуынша 6 адам беткейлерде сырғанап, 35000 текше метр қар көшкінінің жүруіне себеп болған. Салдарынан 2 адам көшкін астында қалған.
Оларды іздестіру-құтқару жұмыстарына ҚР ТЖМ Республикалық құтқару жасағы, 109 құтқару қызметінің, Алматы қаласы ТЖД, "Қазселденқорғау", Апаттық медицина орталағы
31 қызметкері жіберілді. Сондай-ақ, құтқаруға 8 бірлік техника, 2 кинологиялық есеп, 1 құтқару қызметінің тікұшағы, 1 дрон жұмылдырылды.