Экономика
Алматыда бизнес-кластағы тұрғын үй бағалары қымбаттады
Алматы қаласында 2015 жылдың 27 шілдесі мен 2 тамызы аралығында бағалар тұрақты қалыпта тұрды. Бірақ, бизнес-кластағы тұрғын үйлер бағасы шамамен 6,6 пайызға қымбаттады деп хабарлайды kn.kz.
Аталған мерзім ішінде элит-кластағы пәтерлер бағасы ең қымбат болып қала берді. Олардың бір шаршы метрі - 2697 доллар (501,6 мың теңге). Ал, жалпы қала бойынша аумақтың орташа бағасы 1814 долларды (337,4 мың теңге) құрап отыр.
Қымбат тұрғын үйлердің қала бойынша орташа көрсеткіші - 2344 доллар (436 мың теңге) көлемінде. Ал, "арзан" үйлер бағасы - 1384 доллар (257,4 мың теңге).