Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда болат құбыр шығаратын зауыт салынады

Алматыда болат құбыр шығаратын зауыт салынады

Алматы. 13 сәуір. 7kun.kz - Алматыда болаттан жасалған құбыр шығаратын жоғары технологиялық зауыттың құрылысы басталды. Бұл туралы abctv.kz хабарлады.

Алатау ауданының индустриялық аймағында  диаметрі үлкен болат құбырын шығаратын жоғары технологиялық зауыт құрылысының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Болат құбырлар мұнай, газ, су және мұнай өнімдерін тасымалдау, тау-кен, құрылыс, химиялық өнеркәсіп және энергетика салаларында пайдаланылады.

Алматы әкімі Бауыржан Байбектің айтуынша, жаңа зауыттың құрылысы құбыр өнімдері импортының 60%-ын алмастырады. Сонымен қатар, жаңа жұмыс орындарын ашуға, бюджетке қосымша салық түсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған индустриялық аймақ шетел инвестициясын тарту орталығына айналды. Құрылыс кезеңінде 800 жұмыс орны мен зауыт іске қосылғаннан кейін 300-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады», – Алматы қаласының әкімі.

Алатау ауданының 18,2 га аумағында орналасатын зауыт жылына 100 мың тонна құбыр шығарады.

Похожие материалы