Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

Алматыда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

Алматы. 4 қазан. 7kun.kz — Алматыда 2017 жылдың 11 қазаны күні сағат 10.00-де, жұмыс іздеушілерге, студенттерге, білім орындарын бітірушілер мен жастарға арналған бос жұмыс орындарына қалалық жәрмеңке өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жәрмеңкеге 100-ге жуық жұмысберушілер қатысады. Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыспен қамтуды өзгерту жобасы шеңберінде жұмыстың жаңа форматқа өтуіне орай жүргізіледі. Бос орындарға жеке тұлғасыз тіркеу жолдары оңайлатылады.

Бос орындар жәрмеңкесінде:
  • халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысының белсенді форматта жүргізілуіне тұсау кесері өткізіледі;
  • халықты жұмыспен қамту орталығының қолдауымен, тиімді және лайықты бос жұмыс орындарын іздеу үшін, жұмысберушілермен қатынастарды жақсартуға және жұмысқа орналасу процессін жеделдетуге қолайлы «jumys.bar» мобилді қосымшасын таныстырады;

  • нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатысушы тұрғындарды жұмыспен қамту сұрақтары бойынша кеңес беру қызметі көрсетіледі;

  • ынта берушілерге кәсіби оқыту курстары ұсынылады. Курсты бітіргендерге жұмысқа тұруға мүмкіндік беріледі.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі  мына мекен - жай бойынша өткізіледі: Темирязев көшесі, 42, Атакент, «Бахшасарай».

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы