Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда «Даму» Қорының бағдарламалары бойынша 3 023 жоба қаржыландырылды

Алматыда «Даму» Қорының бағдарламалары бойынша 3 023 жоба қаржыландырылды

Алматы. 25 желтоқсан. 7kun.kz – Алматы облысы бойынша «Даму» Қорының аймақтық филиалы «Шағын және орта бизнестің дамуын қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру» деген тақырыппен баспасөз-конференциясын өткізді. Іс-шара барысында ағымдағы жылдың 11 (он бір) айының нәтижелері бойынша қызметтің қорытындылары айтылды.

Алматы облысында «Даму» Қорының бағдарламалары бойынша қолдау алған жобалардың жалпы сомасы 21,3 млрд теңгені құрады – бұл 3 023 жоба.

Екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдікті қаржыландыру бағдарламасы бойынша 2018 жылда жалпы несиелер сомасы 9,7 млрд теңге құрайтын 2 805 жобаға қолдау көрсетілді.

2018 жылы несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін қаражаттандыруды жалпы сомасы 8,7 млрд теңге құрайтын 125 жоба пайдаланды.

Алматы облысында ең танымал бағдарлама «Бизнестің жол картасы 2020» (бұдан әрі - Бағдарлама) бизнесті қолдау және бизнесті дамытудың бағдарламасы болып табылады. 2018 жылы несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін қаражаттандыруды жалпы сомасы 8,7 млрд теңге болатын 125 жоба пайдаланды. Кепілдік мүлік жетіспеген жағдайда Қордың кепілдігі жалпы сомасы 2,4 млрд теңге болатын 81 жоба пайдаланды.

2018 жылы «Даму-Оптима» бағдарламасы бойынша 12 жобаға несиелердің жалпы сомасы 289,1 млн теңге болатын қаржыландыру берілді. Жалпы кепілдік сомасы - 158,1 млн теңге. «Даму Оптима» бағдарламасы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының мақсатты тобы болып табылмайтын адамдарға арналған. Бұл сауда, қызмет көрсету және қоғамдық тамақтану сияқты бизнес бағыттары болып табылады. Сонымен қатар «Даму Оптима» бағдарламасы кепілдің жеткілікті көлемі болмайтын кәсіпкерлерге «Даму» қорынан кепілдікті пайдалана отырып банктен несие алуға мүмкіндік береді.

Тиімді жұмыспен қамтуды және жаппай кəсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» Бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы 1 683 млн. теңге бөлінді, оның ішінде, олар келесі банктерде орналастырылды: − «Нұрбанк банкі» АҚ - 300 млн.тг; − «ЦентрКредит Банкі» АҚ - 100 млн.тг; − «Сбербанк банкі» АҚ - 650 млн тг; − «Халық банкі» АҚ - 200 млн тг; − «Евразийский банкі» АҚ - 51,7 млн тг; − «АТФ Банкі» АҚ - 50 млн тенге; − «Fortebank банкі» АҚ - 160 млн тг. Осы бағдарламаны облыста жүзеге асыру барысында 104 кәсіпкерге 1 274,7 млрд теңге көлемінде несие берілді. Ағымдағы жылдың басынан, 01.12.2018 ж. жағдай бойынша жалпы сомасы 1 022,5 млн теңге құрайтын 82 жоба қаржыландырылды. Қаржылық емес қолдау құралы бойынша: Кеңес беру қызметтер көрсету үшін 2014 жылы Даму Қоры негізінде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (КҚКО) құрылды. Орталықтың жұмысы тек Даму қоры бойынша ғана емес, сондай-ақ «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымдарының да мемлекеттік қолдау құралдары бойынша кеңес беруден тұрады. 2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Талдықорған қаласындағы ХҚКО-на түрлі бизнес мәселелері бойынша 1 892 кәсіпкер өтініш білдірді, оның ішінде 288 жоба несие беру туралы банктің шешімін алды және 325 жоба өз шешімін күтті.

Алматы облысында шағын және орта бизнесті дамытудың өңірлік бағдарламасын іске асыру мақсатында ағымдағы облыс әкімдігі мен «Даму» Қоры 1 млрд теңге бөлді (әкімдік – 500 млн теңге, Қор – 500 млн теңге). Қаражат екі серіктес банктерде орналастырылған - «Халық банкі» АҚ (400 млн тг) және «Сбербанк банкі» АҚ (600 млн тг) және жалпы сомасы 381,9 млн тг болатын 12 ШОБ жобасы мақұлданды.

Похожие материалы