Алматы. 24 сәуір. 7kun.kz – Алматыда дәстүрлі садақ ату федерациясының басшысы Азамат Оспанов ұсталды. Бұл туралы белгілі журналист Михаил Козачков өзінің telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Алматыдағы тәртіпсіздіктер ісі бойынша тағы бір ұсталған адам дәстүрлі садақ ату федерациясының басшысы Азамат Оспанов», – делінген жазбада.
Айта кетейік, бұған дейін осы іс бойынша Алматы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны хабарланған болатын.