Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда екі бірдей метро бекеті ашылды

Алматыда екі бірдей метро бекеті ашылды

Алматы. 30 мамыр. 7kun.kz – Алматы қаласының батыс бөлігінде орналасқан «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» метро бекеттері ашылып, жұмысын бастады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Бұған дейін мегаполисте 9 метро бекеті бар еді. Енді олардың саны 11-ге жетті. Метро желісінің жалпы ұзындығы 13,4 шақырым болды. Метрополитеннің техникалық жұмысына жауапты басшылары бір тәуліктегі жолаушы саны 85 мыңға өседі деп болжайды. Қазір бір күндік жолаушы ағыны 45 мың адам.

Жаңа бекеттер ашылып, желідегі электр пойыздардың да саны артқан. Олардың саны 15-ке жетті. Олардың барлығы оңтүстік Кореяның Hyundai Rotem компаниясының өнімі.

"Сарыарқа" станциясы Абай даңғылы бойында Алтынсарин даңғылы мен Саин көшелерінің аралығында Family Park маңында орналасқан. Терең салынған, екі кіреберісі мен бір вестибюлі бар. Станцияда екі жеделсаты мен сегіз эскалатор орнатылған. Интерьер жасау кезіндегі негізгі идея - Сарыарқаның шексіз кең даласының әсемдігін көрсету.

"Бауыржан Момышұлы" станциясы Абай даңғылы бойында Момышұлы көшесінің батысында орналасқан. Ккі вестибюль мен алты кіреберісі бар. Станцияда алты жеделсаты мен он бес эскалатор орнатылған. Ол Алматы метро желісінің он бірінші әрі әзірге соңғы станция.

Жаңа станциялар қазіргі қызмет көрсетіп тұрған тоғыз станцияның жалғасы ретінде қала орталығын жатын аудандармен байланыстырады.

https://youtu.be/2cLUcJWSMdA

Похожие материалы