Алматы. 3 мамыр. 7kun.kz – Осы бағытта жыл басынан бері 248 млрд теңгеден астам инвестиция тартылғанын. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның айтуынша, жылжымайтын мүлік, көлік және қоймалау, өнеркәсіп, қаржы және сақтандыру қызметі салаларына айтарлықтай инвестиция тартылды.
«Бірінші тоқсанда Алматыда 387,8 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 11,5%-ға артты. Өңдеу өнеркәсібінің 18%-ға өсуін ерекше атап өткім келеді, бұл ең алдымен машина жасаудың 1,7 есеге белсенді дамуымен байланысты», – деді Еркебұлан Оразалин.
Өсім тамақ өнімдері өндірісінде – 1,6%-ға, сусындар өндірісінде – 10,5%-ға, жеңіл өнеркәсіпте – 2,9 есе және т.б. байқалды.
Алматыда қаңтар оқиғаларынан кейін сауда және қызмет көрсету саласы қалпына келтірілуде. Мысалы, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша бөлшек сауда көлемі 737,8 млрд теңгені, көтерме сауда айналымы 2,4 трлн теңгені құрады.
Алматыдағы өңірлік комиссия бизнеске келтірілген залалды дереу өтеуге кірісіп, бүгінде комиссия жалпы сомасы 11 млрд теңгеден асатын 1499 өтінімді мақұлдады.
«Зардап шеккен кәсіпкерлердің 95%-ы өтемақы алды. Бүгінде олар өз келушілеріне есігін қайта ашып, қалыпты қызметіне оралды», – деді ол.
Бизнеске келтірілген залалды өтеу бойынша жұмыстарды осы жылдың мамырында аяқтау жоспарланып отыр.
«Жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша біз жеке кәсіпкерлікте жақсы өсу әлеуетін байқадық. Осылайша, жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға өсіп, 217 822 бірлікті құрады», – деді Еркебұлан Оразалин.