Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда экс-министр Темірхан Досмұхамбетовтің үйінен ірі көлемде ақша ұрланды

Алматыда экс-министр Темірхан Досмұхамбетовтің үйінен ірі көлемде ақша ұрланды

Астана. 10 тамыз. 7kun.kz - Бұрынғы Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетовтің үйінен 3 млн доллар және 50 мың еуро қаражаты, сонымен қатар, құны 150 мың доллар тұратын бағалы сағаты ұрланды. Бұл туралы ktk.kz хабарлады.

Көп ұзамай күдікті ұсталыпты. Бірақ ол өз кінәсін мйындамай отыр.

Темірхан Досмұхамбетов бұрынғы Туризм және спорт министрі, Астана қаласының әкімі, Президент істері басқармасының басшысы, Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы, Мәжіліс депутаты. Ал қазіргі уақытта белгілі кәсіпкер. 2017 жылдың наурызында экс-шенеуніктің үйінен ірі көлемде ақша ұрланыпты.

"Белгісіз тұлғалар өзгенің мүлкіне қол сұғарын біле тұра заңсыз жолмен ғимаратқа кіріп, бөлмеде орналасқан металл сейфті бұзып, сол жерден Досмұхамбетов Темірхан Мыңайдарұлына тиесілі ірі көлемдегі ақшаны ұрлап, сол арқылы айтарлықтай мүліктік зиян келтірген", - делінген құзырлы орындардың құжатында.

Қазіргі уақытта осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бір адам қамауда отыр. Алайда, адвокаты оның ешқандай ұрлық жасамағанын айтады. Өйткені, іс бойынша ұрлыққа куә болған адам жоқ.

Адвокат Әлімжан Оралбайдың айтуынша, күдікті ол уақытта үйде болған. Ол кісінің әйелі үйде болған және ол түнгі уақытта үйде ұйықтаған. Үйден шықпаған.

Ал Темірхан Мыңайдарұлы болса ұрылар түскен үй бауырына тиесілі екенін айтып отыр. Сөзіне сенсек, ағасы қалада болмай қалып, орнына полицияға өзі арыздануға мәжбүр болыпты. Дегенмен іс материалдары бойынша Досмұхамбетовтың өз аты тұр.

Похожие материалы