Алматы. 7 маусым. 7kun.kz - Алматыда «OZIM SCOOTERS» өздігінен жүретін электрлі құралдарды минут бойынша жалға беретін сервис іске қосылады. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қала әкімі Бауыржан Байбек жеке инвесторлар қолға алған жобаның жұмыс принциптерімен танысты.
Шілде айында антиванадалды қорғаныспен және GPS трекерімен жабдықталған 300 электрлі самокаты бар 35 станцияны ашу жоспарланған. Сервиске мобильді қосымша арқылы қосылуға және мониторинг арқылы станциядағы бос тұрған самокаттар жөнінде мәлімет алуға, карта бойынша жеке бағытты белгілеуге болады.
«Әлемдік практика жалға алынған электрлі самокатпен жүрудің ұзақтығы 5-7 минутты құрайтынын көрсетті. Кейде оны метро немесе автобус бекетіне барғанша пайдаланады. Біздің «Android» және «IOS» қосымшаларымыз арқылы жалға алу төлемін банк картасы арқылы жүргізуге болады. «ОҢАЙ» картасы арқылы төлеу жоспарланған. Жыл аяғына дейін тағы 500 самокат алатын боламыз», - деді компания директоры Асылбек Есенов.
Айта кетейік, қазіргі кезде қалада 100 км байланысы бар веложолдар салынған. Велопрокаттың «AlmatyBike» автоматты жүйесі енгізілген. Итальяндық инвестиция есебінен еліміздегі ірі «Anytime» каршеринг-сервисі іске қосылған.