Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда ер адам аулада тұрған көлікті ұрлап, адам шығынына әкеп соққан жол апатын жасады

Алматыда ер адам аулада тұрған көлікті ұрлап, адам шығынына әкеп соққан жол апатын жасады

Алматы. 26 тамыз. 7kun.kz – Ақсай ықшамауданында бұрын бірнеше рет сотталған 22 жастағы Р. есімді жігіт аулада тұрған Mazda автокөлігін ұрлап кетіп, жол-көлік апатына ұшырады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Mazda-ның иесі көлігінің ұрланғанын білмеген.

«Алатау ауданындағы тұрғын алабында қаскөй түнгі уақытта үш көліктің аккумуляторларын ұрлап кеткен. Ал таңғы алтыда ол адам өліміне әкеп соққан апатқа ұшырады. Көлік ұрысы Саина көшесімен солтүстік бағытта келе жатып Абай даңғылымен қиылысқанда Toyota Corolla және Kia Rio көліктерімен соқтығысқан. Соққы салдарынан Kia Rio инерциямен кедергіге соқты. Бұл көлікті 52 жастағы ер адам басқарған. Өкінішке орай, ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», – деді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Көлік ұрысын патрульдік полиция қызметкерлері қолға түсірді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу сонымен қатар бөтен көлікті заңсыз иелену, бөтеннің мүлкін ұрлау деректері бойынша да жүргізіледі. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Похожие материалы