Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда есірткі шегіп алып жолаушыларды тасымалдаған автобус жүргізуші ұсталды

Алматыда есірткі шегіп алып жолаушыларды тасымалдаған автобус жүргізуші ұсталды

Алматы. 12 тамыз. 7kun.kz – Алматыда автобус жүргізушісі есірткі әсерінде болып, жолаушыларды тасымалдаған, деп хабарлайды.

Полиция қызметкерлері оны Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында тоқтатты.

«Жүргізушінің әрекеті күдік туғызды. Оны медициналық тексеруден өтуге алып бардық, тексеру қорытындысы бойынша наркологтар есірткіге мас болғанын анықтады. Жүргізуші бірден қоғамдық көліктен шеттетілді. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен жүргізуші 8 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды, сонымен қатар 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Автобус арнайы айыппұл тұрағына қойылды», – деді Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Сейітқұлов.

Сондай-ақ есірткіге масаң күйдегі жүргізушіге автобус айдауға рұқсат берген автокөлік кәсіпорнының медицина қызметкеріне 150 мың теңге сомасында айыппұл салынды.

Похожие материалы