Алматы. 20 мамыр. 7kun.kz - 20 мамыр күні Алматы қаласында жыл сайын өткізілетін Food Week Kazakhstan тамақ өндірісінің апталығы басталды. Бұл жерде әлемнің 12 елінен келген салалық компаниялар өз өнімдерімен таныстырады.
Бұл туралы тамақ өндірісі көрмелері мен ауыл шаруашылығы департаментінің TNT халықаралық көрме ұйымының директоры Геннадий Дякин хабарлады.
«Осымен біз аталған көрмені 20-рет ұйымдастырып отырмыз. Бұл жылдар аралығында көрме әлемнің азық-түлік және ауыл шаруашылық тауарларының халықаралық шарасынат айналды. Көрмеде тамақ өндірісінің мына бағыттары бар: ауыл шаруашылығы, өңдеу жабдықтары, буып-түю материалдары және ең бастысы, дайын азық-түліктер», - дейді Г.Дякин.
Оның айтуынша, көрмеге әлемнің 12 елінен 50 компания қатысып жатыр. Аустрия, Әзірбайжан, Бельгия, Үндістан, Италия, Қазақстан, Литва, Ресей, Өзбекстан және Франция елдері қатысуда.
Іс-шара Алматы қаласының әкімдігі, Ауыл шаруашылық министрлігі мен Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің қолдауымен өтіп жатыр. Көрме 22 мамыр күні аяқталады.