Алматы. 11 шілде. 7kun.kz - «Эйс» теннис орталығында теннистен әйелдер арасында ITF халықаралық турнирі өтіп жатыр. Жарыстың жалпы жүлде қоры 15 мың долларды құрайды, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
Бұл турнирде Қазақстан, Ресей, Хорватия, Латвия, Армения, Өзбекстан, Қырғызстан, АҚШ, Беларусь, Молдовия және ОАР спортшылары бақ сынауда.
Елімздің намысын әр түрлі жастағы 11 қыз қорғауға бел буды. Солардың бірі Дарья Детковская. Бүгінгі ¼ финалдық кездесуге жолдама алатын ойында ол қазақстандық Арина Талуенканы 6:1, 6:0, 6:7 есебімен ұтты.
- Менің қарсыласым өте күшті әрі соққылары қатты болды. Мен оған үлгермей жүрдім. Содан ойынды өзгертіп, оның басымдылығын азайтуға тырыстым. Нәтижесінде ұттым. Өз ойыныма қуаныштымын. Ертең тағы бір ойын күтіп тұр. Соған дайындалып, жақсы нәтиже көрсетуге тырысамын, - деп өз ойымен Дарья Детковская бөлісті.
Одан бөлек, бұл турнирге халықаралық жарыстарға шығып жүрген Мария Синицына да өз қатысып жатыр.
Жарыс шілденің 14-і күні аяқталады. Жеке және жұптық разрядтардың жеңімпаздарына рейтинг ұпайлары қосылады.
[caption id="attachment_93022" align="alignnone" width="2976"] Фото: HUB[/caption]