Алматыда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Алғашқы несие бюросы ұйымдастырған HR Tech Forum басталды, деп хабарлайды 7kun.kz тілшісі.
Жыл басындағы ең ауқымда шараға корпоративтік, қаржы секторы компанияларының, рекрутингтік агенттіктердің 150-ден астам басшылары мен HR қызметкерлері қатысуда.
Форум аясында еңбек заңнамасын реттеудің негізгі мәселелері, сандық еңбек шарттарын, сандық еңбек кітаптарын, кадрлық қауіпсіздікті және т.б. енгізу бойынша бастамалар айтылды.
Шарада алғаш сөз алған "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ Ақпараттық жүйелерді дамыту және сүйемелдеу департаментінің директоры Олжас Анафиннің айтуынша өткен жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі электронды еңбек шарттарын есепке алу жүйесін енгізуге арналған пилоттық жобаны іске қосты. Бүгінгі күні бірыңғай электронды жүйеде жұмыс берушілер 450 мыңға жуық еңбек шарттарын тіркеген.
Сонымен қатар, барлық қажетті талаптар сақталған жағдайда заңнама бүгіннің өзінде негізгі кадрлық құжаттаманы қағазға қайталамай-ақ электронды түрде сақтауға мүмкіндік береді. Е-HR жүйесіне қосылған жұмыс берушілер онда өз қызметкерлерінің деректерін, әрбір қызметкердің тәжірибесі туралы ақпаратты алғашқы жазбадан бастап еркін тіркейді.
Қазақстанда 2043 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққаннан кейін еңбек кітапшасының қағаз түрінен бас тартуға мүмкіндік бар. Зейнетақы ісін тіркеу БЖЗҚ деректері бойынша жүзеге асырылады. Ол уақытта 1998 жылдан бастап еңбек өтілі бар адамдар зейнетке шығады.
Олжас Анафин атап өткендей, 1998 жылға дейінгі еңбек шартында көрсетілген еңбек өтілі БЖЗҚ аударымдарымен және жұмыс берушінің БСН-мен салыстырылатын болады.
Шара барысында Альфа банк, Forte тобына кіретін One technologies АТ компаниясының қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісті. Екі компания қазірдің өзінде Agile тұжырымдамасы аясында тәлімгерлік институттарын дамытып және R&D командаларын табысты қалыптастыра отырып табысты жұмыс істеуде.
ONE Technologies атқарушы директоры Елжан Қошанов көшбасшылық технологиялық шешімдерді әзірлеу және IT саласындағы талантты мамандарды дамыту басымдыққа ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, HR Tech форумы сияқты бастамалар қызметкерлерді басқаруға мен Қазақстандағы IT-саланы дамытуға қатысты мәселелерді шешуге оң серпін береді.
Өз кезегінде, Учет.kz компаниясының HR автоматтандыру бөлімінің бастығы Ирина Лазутина бүгінде ұсынылған жаңа бағдарлама - "Кадрлық көмекші" – бұл құжаттармен жұмыс істеу кезіндегі соққы екенін айтты. Ол кадр қызметі мен HR департаменттерінің қызметкерлеріне кадрлық құжаттаманы өңдеу жылдамдығын арттыруға ғана емес, сонымен қатар ҚР тиісті салаларында барлық қажетті рәсімдерді жүзеге асыратындықтан, заңмен қақтығыстарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Форум соңында Eco Network стартапының негізін қалаушы Евгений Мұхамеджанов сөз сөйлеп, корпоративтік құндылықтар қоржынында экологиялық векторларды дамыту тәжірибесімен бөлісті. Бұл тек әлеуметтік жауапкершілік ғана емес, инвестициялық тартымдылықтың құралы.
Форум тікелей диалог алаңына айналды және мемлекет пен бизнес арасында байланыс орнатуға мүмкіндік берді. Цифрлық форматтағы болашақ – бұл шындық. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осындай цифрлық бастамаларды қолдайды.