Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда ірі есірткі зертханасы анықталды

Алматыда ірі есірткі зертханасы анықталды

Алматы. 13 шілде. 7kun.kz – Алматыда жасырын түрде жұмыс істеп келген ірі есірткі зертханасы анықталып, жойылды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

«Операция барысында «Альфа-PVP» синтетикалық есірткісін қолдан жасау және интернет-ресурсы арқылы Алматы қаласы және ҚР басқа да өңірлеріне сатуды ұйымдастырған екі азамат ұсталды. Қабылданған шара нәтижесінде, 2022 жылғы 29 маусымында Алматы қаласы мен қала маңайында шамамен 16 келі «Альфа-PVP», кристалдану сатысындағы 15 келі есірткі, 5 тоннадан астам прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленді», – делінген хабарламада.

Қолға түскен есірткі заттарының «қара нарықтағы» құны 500 миллион теңгеден асады.

Похожие материалы