Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда Іскер әйелдер қауымдастығының көрме-жәрмеңкесі өтеді

Алматыда Іскер әйелдер қауымдастығының көрме-жәрмеңкесі өтеді

Алматыда Іскер әйелдер қауымдастығының «Наурыз мейрамы» мен бизнес-жобаларының ауқымды жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды 7kun.kz.

9 сәуірде «Mega Almaty» СОСО алдындағы алаңда Алматы Іскер әйелдер қауымдастығының қала қонақтары мен тұрғындарына арналған «Наурыз мейрамы» өтеді.

Іс-шарада дәстүрлі дастархан мен концерттен басқа қауымдастық өкілдерінің бизнес-жобаларының ауқымды көрме-жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеде түрлі жобалармен танысуға болады. Мысалы: «Жұмыссыз әйелдерге арналған жұмыс» жобасы қазіргі таңда нарықта сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін курстарға жазылуға және іскер әйелдердің еңбек биржасы арқылы нақты жұмысқа орналасуына көмектеседі. Қиын жағдайға тап болған әйелдер SMM, маркетинг, жеке бизнес жүргізу, пішу және тігу курстары, шаштараз ісі, маникюр, педикюр бойынша оқудан өте алады және Қауымдастықтың кадрлық резервіне енгізіледі.

Анықтама: Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының негізі 1995 жылы қаланған. ҚІӘҚ жұмыс істейтін әйел мәртебесін көтеруді мақсат етеді және өз қатарында 5000-нан астам адамды құрайды, сонымен қатар бүкіл ел бойынша өңірлік филиалдардың тармақталған желісі бар. ҚІӘҚ негізгі қызметі үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: «Әйел және бизнес», «Әйел және жұмыспен қамту» және «Әйел және қайырымдылық».

Похожие материалы