Алматы. 14 қазан. 7kun.kz – Алматыда күдіктілер уақытша ұстау изоляторынан қашып кетіп, арытнан бірден ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Кеше әлеуметтік желілерде 29 және 30 жастағы екі ер уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткені туралы ақпарат тарады.
Алматы қалалық полиция департаменті екі күдіктінің қашып кеткенін растады. Полиция оларды сол күні ұстады.
«Алматы қалалық полиция департаменті аталмыш деректің тіркелгенін хабарлайды. Арнайы іс-шара барысында қашқындар бірден ұсталды», – делінген хабарламада.
Екі айыпталушы да бұрын бірнеше ұрлық жасағаны үшін сотталған.