Алматы. 10 наурыз. 7kun.kz - Алматыда картоп, пияз, сәбіз бен қызылша сияқты көкөніс өнімдері бағасын өсірмеуге күш салуда. Бұл бағыттағы қадамның бірі - Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мен «BN-ORDA» ЖШС меморандумға қол қойды.
Өйткені халық күнделікті тұтынатын осы өнімдердің бағасы көктемде қымбаттайды. Меморандумда «BN-ORDA» ЖШС бағаны бақылау үшін қаладағы базарлар мен сауда орындарын арзан ауылшаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етпек.
Осылайша өнім өзінің нарықтағы құнынан 15 пайызға төмендетілген бағамен өткізіледі. Ал Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы қаладағы барлық сауда орындарының тізімін береді. Меморандумның іске асу мерзімі - 30 күн. Оны жүзеге асыру бүгіннен басталды.