Алматы. 23 қазан. 7kun.kz – Алматы полициясы жаппай төбелестің жолын кесті, деп хабарлайды 7kun.kz.
Полиция хабарлауынша, 22 қазанда Байтұрсынов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында бір топ жастар арасындағы төбелес туралы хабарлама келіп түскен.
«Дабылға бірінші болып патрульдік полиция экипаждары ден қойды. Олар төбелесті тоқтатты. Екі колледждің білім алушылары арасында жанжал туындағаны анықталды. Оның шығу себебі нақтыланатын болады. Зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады Polisia.kz.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігімен (Бұзақылық) қылмыстық іс тіркелді.
«Төбелеске қатысушының әрқайсысының іс-әрекетіне ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылдана отырып, құқықтық баға беріледі», – деді Алмалы аудандық ПБ бастығы Есен Ысқақов.