Алматы. 27 тамыз. 7kun.kz – Алматыда жылу, электр қуаты, су және кәріз жүйесінің тарифтері жыл соңына дейін өзгермейді.
Қала әкімі Бауыржан Байбектің айтуынша, коммуналдық қызметтерге тариф тағайындау билік «Нұр Отан» партиясының бақылауында екен.
Бүгінде 1,5 млн-ға жуық алматылық жергілікті бюджет есебінен коммуналдық қызметтерді бұрынғы бағада тұтынуда. Коммуналдық төлемдері жалпы табысының 10%-нан асатын тұрғындарға көмек ретінде қаражат бөлінді.
«Мемлекет басшысы тарифты негізсіз жоғарылатуға жол бермеуді тапсырды. Бұл адамдардың тіршілігіне, кәсіпкерлерге, бағаларға, тікелей әсер етеді. Осы мақсатта қалалық прокуратура монополистер арасында ауқымды тексеру жүргізді. Нәтижесінде бағаны себепсіз көтеру фактілері анықталды. Дереу шара қолданылып, 1,5 млн- ға жуық азаматтардың құқықтары қорғалды. Монополистерге тұтынушыларға 4,7 млрд теңгеге жуық өтемақы төлеу міндеті жүктелді. Коммуналдық қызмет құнын арттыруға ешқандай да негіз жоқ. Біздің алматылықтар артық төлем жасамас үшін кез келген заңсыз әрекеттер тоқтатылады. Президенттің тапсырмасы бар және ол орындалады», - деді Бауыржан Байбек.