Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда көпбалалы отбасылары үшін екінші баласынан бастап балабақша тегін болады

Алматыда көпбалалы отбасылары үшін екінші баласынан бастап балабақша тегін болады

Алматы. 7 наурыз. 7kun.kz - Алматыда көпбалалы отбасылары үшін екінші баласынан бастап балабақша тегін болады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ, 20 наурыздан бастап аз қамтылған отбасылардың 4 мыңға жуық оқушыларына алғаш рет стипендия төленеді. Мектеп оқушылары ай сайын 5 мың теңгеден, ал университеттер мен колледждер студенттері 10 мың теңгеден алады.

Қиын жағдайға душар болғандарға берілетін бірреттік төлем көлемі 25 мыңнан 50,5 мың теңгеге көбейеді. 15 наурыздан бастап жәрдемақы көлемі артып, 5 мыңға жуық адамды қамтиды. 15 наурыздан бастап аз қамтылған отбасыларға ыстық және суық су есептегіш құралдарын жеке орнатуға берілетін жәрдемақы көлемі 70%-ға немесе 5 мыңнан 8,6 мыңға өседі. Бұлардан өзге, аз қамтылғандар тобына коммуналдық қызметке кететін шығынның орнын толтыру үшін берілетін жәрдемақы көлемі 5%-ға дейін артады.

Похожие материалы