Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда көпбалалы үйде тұратын мектеп оқушыларына стипендия беріледі

Алматыда көпбалалы үйде тұратын мектеп оқушыларына стипендия беріледі

Алматы. 20 ақпан. 7kun.kz – Алматыда әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленетін үздік оқушы балалар стипендия алатын болады. Бұл туралы Алматы әкімі Бауыржан Байбек тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл қала билігі көпбалалы және мұқтаж отбасыларды қолдау бойынша кешенді шаралар моделін қолға алмақ.

Атап айтқанда, «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында тұрмысы төмен жанұяларда тәрбиеленіп отырған оқушылар мен студенттерді қолдау қолға алынған.

«Мұқтаж отбасылардың жастарына стипендия беріледі. Бұл, білімге деген құштарлықты арттырады. Университеттер мен колледж студеттеріне ай сайын - 10 мың теңгеден, ал мектеп оқушыларына 5 теңгеден беріледі. Айтпақшы, биыл еліміз бойынша бөлінген гранттардың 40% немесе 27 мыңы Алматыға тиесілі. Бұл жерде біз грантпен оқитындардың барлығына бөлінетін стипендияны сөз етудеміз. Әрине, бұл отбасы үшін қосымша табыс көзіне айналады», - деді Бауыржан Байбек.

Похожие материалы