Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда кредит беретін терминалдар пайда болды

Алматыда кредит беретін терминалдар пайда болды

Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz — Алматыда қарызға ақша беретін автоматтар пайда болған көрінеді. Бұл туралы Жеңіс Мухиев Фейсбуктегі өз парақшасында  жазды.

Ол «Жалақыға дейінгі қаражат жайы терминалдарға дейін жеткен-ау деймін. Андрей Гусаковтың нұсқауы бойынша Қазақстандағы алғашқы кредитоматты Алматыдан таптым. Бұл аппарат тура сол жерде қолма-қол қарыз бере алады», - дейді.

Жеңіс Мухиевтің айтуынша, қарыз алу тәртібі жеңіл. Бірінші, қарыз көлемі мен уақытын таңдайсың, кейін суретке түсіп, куәлігіңді сканерден өткізесің де, келісімшартқа саусақ іздері арқылы қол қоясың. Ол қол қою әдісін еліміздің нарығы үшін жаңаша үрдіс дейді.

Ресейде бұл жоба сәтсіздікке ұшыраған екен. Жеңіс ауқымының тарлығы мен жоғары пайыздар бұл идеяның 1-2 ай ішінде жабылып қалуына себеп болады деп ойлайды.  Ол сайтта терминал ешқандай сұрақ қоймастан, ақша береді деген ақпаратқа сеніп, қарыз алмақ болған. Бірақ терминал оның өтінішін қабылдамаған екен.

«Мен аппаратты зерттеген жарты сағат уақыт ішінде бір де бір адам терминалға жақындаған жоқ.  Орынды жалға алуы бар, инкассациялық шығындар мен аппараттың қызметі бар. Мұның бәрі де шығын. Клиенттердің анкеталық мәліметтерін сұрамаса, скорингтің жоба иелері үшін қаншаға түсетіні мүлдем түсініксіз», - дейді ол.

Похожие материалы