Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда "Ұлы дала кілемдері" жәрмеңкесі өтіп жатыр

Алматыда "Ұлы дала кілемдері" жәрмеңкесі өтіп жатыр

Алматы. 1 шілде. 7kun.kz - 28 маусымнан бастап Алматы қаласында қазақстандық кілем өндірушілер өз бұйымдарын "Ұлы дала кілемдерінің" жәрмеңкесіне ұсынды. Бұл туралы Алматы қаласы, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы хабарлады.

Жәрмеңке шілденің екісіне дейін жалғасады.

Жәрмеңкеде эксклюзивті кілемдер мен жаңа өнімдер қолжетімді бағада сатылымға шығарылды. Онда Ресей, Өзбекстан, Түркия, Иран және Қазақстанда өндірілген этникалық, классикалық, эклектикалық және модерндік үлгідегі 1000-нан астам кілем түрлері көрсетілімге қойылған.

Отандық өнәмдерден "Бал Текстиль" компаниясы аталған іс-шараға кілемнің 16 түрін ұсынды.

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар кілемді дұрыс таңдау жолдарын ұсынатын мастер-класстар ұйымдастырылған.

Келген қонақтарға арнайы ұтыс ойындары өткізіліп, 20 кілем ұтысқа тігілді.

Айта кетейік, "Бал Текстиль" компаниясы IKEA үшін өнім жеткізуші болып саналады және еске салсақ, ол бұл компаниямен 2016 жылы келісім жасасқан.

Жәрмеңке Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында сағат 10-нан кешкі 19.00 аралығында өтеді.

Похожие материалы