Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда мүгедек балалары бар аналарға арналған орталық ашылды

Алматыда мүгедек балалары бар аналарға арналған орталық ашылды

Алматы. 28 мамыр. 7kun.kz — «Мама Про» әлеуметтік әлсіз топтағы әйелдерді қолдау және дамыту қоры Алматы қаласында «Мама Про Алматы» филиалының салтанатты ашылу рәсімін өткізеді.

Орталық мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналарға бүлдіршіндерін тәрбиешілер мен психологтардың қарауына тапсырып, кәсіпкерлік негізін меңгеріп, өз білімдерін шыңдауға мүмкіндік береді.

«Курсты тәмамдаған аналар отбасылық кірістің орта есеппен 9%-ға өскендігі, сонымен қатар өз өзіне деген сенімділіктің артқаны, эмоционалды жағдайының жақсарғаны жалпы отбасылық ахуалға оңтайлы әсер еткенін айтады. Мысалы, біздің үздік түлектеріміздің арасында оңалту орталығы мен кейтерингтік компанияның негізін қалаушылар, кондитер, аспаз, тігінші, фотограф, визаж мамандары, скрапбукер сынды басқа да көптеген кәсіпті меңгерген аналар бар» , - деп атап  «Мама Про» орталығының директоры Гүлсім Семенова.

Сорос-Қазақстан қорының Басқарма төрайымы Аида Айдарқұлованың айтуынша, қордың қызметі «Ашық экономика» бастамасының арқасында жүзеге асқан. Бастама халықтың әлеуметтік әлсіз тобынның инклюзивті экономикалық дамуы мен экономикалық құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етеді.

«Қордың негізін салушылар екі жылға жетпейтін уақыт аралығында қор құру идеясынан бастап Алматыда филиалының ашылуына дейін үлкен жолмен жүріп өтті. Болашақта қор өз қызметін Қазақстанның басқа қалаларында кеңейтпекші»-  деді Аида Айдарқұлова.

Айта кетейік, 2018 жылдан бері «Мама Про» орталығында Сорос Қазақстан қоры және АҚШ елшілігінің қолдауымен мүгедек балалары бар 120-дан астам аналар білім алды. Аталмыш жобаның ерекшелігі - қатысушы аналар сырттан көмек күтпей, өз бизнес бастамасын жүзеге асырып, кәсібін ашып, сондай ақ басқа да қиын жағдайдағы аналарға қолдау көрсетеді.

Похожие материалы