Алматы. 22 қаңтар. 7kun.kz - Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жиналыста "Алматыэлектротранс" ЖШС жеке компанияға сатылғанын мәлімдеді. Сатып алушы инвестор Green Bus компаниясы қалаға 200-ге жуық ресейлік ЛиАЗ өндірісінің автобустарын әкелмек, деп хабарлайды informburo.kz.
Компания автобус паркінің 70% үлесін сатып алған. "Біз инвестордың "Алматыэлектротранс" ЖШС-ның 70% үлесін сатып алғанына қуаныштымыз. Компания 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында 200-ге жуық автобус сатып алмақ. Олар ресми хат та жіберіп қойды. Осыдан соң қала автобустарының 12-15%-ы жаңартылады. Сатып алуға жұмсалатын қаржы қала бюджетінен емес, жеке есептен алынады", - деді қала әкімі.
Сондай-ақ, Бауыржан Байбек қоғамдық транспорт аясындағы реформалар 90%-ға орындалғанын атап өтті.
Фото: caravan.kz