Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 2 жоба қолдау тапты

Алматыда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 2 жоба қолдау тапты

Алматы. 11 қыркүйек. 7kun.kz — Алматыда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 2 жоба қолдау тапты. Бұл туралы "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Бірінші жоба - шағын аудандағы 14 қабатты ғимараттың құрылысы. Наурызбай ауданының Шұғыла ауданы (Тимус Құрылыс ЖШС). Жалпы ауданы 55348,56 шаршы метр, пәтерлер саны - 994. Екінші жоба - Алатау ауданында (Пасифик Групп ЖШС) көп пәтерлі 6-7 тұрғын үй кешенінің құрылысы. Пәтерлер саны - 572.

Наурызбай ауданындағы Шұғыла шағын ауданындағы алғашқы үйлер 2017 жылдың қазанында пайдалануға беріледі. Алатау ауданындағы екінші жоба, «Алмалы» тұрғын үй кешені, 2019 жылдың бірінші жартысында аяқталады деп жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, «Нұрлы Жер» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сыйақы мөлшерлемесі бойынша жеке құрылыс салушыларға несие беруді қарастырады. Яғни, бүгінгі күні жылына 16% болса, оның ішінде «Даму» қоры сыйақы мөлшерлемесінің жылдық 7 пайызын субсидиялайды. Қалған 9 пайызы құрылыс компаниясының мойнында. Субсидиялар тұрғын үй құрылысында өз қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлердің жаңа несиелері үшін қарастырылған.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы