Алматы. 3 мамыр. 7kun.kz – Алматылық өндірушілер дүкендерге әлеуметтік нан жеткізуді ары қарай жалғастыру үшін субсидия алады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлімдеді. Ол «Азық-түлік корпорациясы "ҰК" АҚ қорынан қаланың ұн тарту кәсіпорындарына субсидияланған астықты жеткізу жалғасып жатқанын атап өтті. Әлеуметтік нанның өзіндік бағасын белгілеу үшін "Алматынан" ЖШС-не 150 млн теңге көлемінде айналым заемын бөлу жоспарлануда.
Жалпы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуін тұрақтандыру үшін "Тоймарт" және "Магнум"сауда желілерімен келісімшарттар ұзартылды. Қосымша қаражат "Small" желісіне, сондай-ақ, жұмыртқаны төмендетілген бағамен сату үшін "Когер" ЖШС-ға жіберілді.