Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда отандық "Инновация апталығы" басталды

Алматыда отандық "Инновация апталығы" басталды

Алматыда отандық «Инновация апталығы» басталды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Апталық Startup Day аясында: «Болашақтың энергиясы - Road to EXPO» деген тақырыпта өтуде. Шара ҚР Инвестициялар мен даму министрілігі мен қала әкімдігінің қолдауымен өтіп жатыр.
Бүкіл Қазақстан бойынша өтінім берген 200 үміткер командалар арасынан тек 90-ы өтті, олардың көпшілігі «Жаңа энергетика», «Энергиялық тиімділік», «Энергия жинақтау»жобаларын ұсынған.
Алматы әкімі Бауыржан Байбек бұл шараның маңыздылығын және Қазақстанның басты мақсаты әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену екендігін, 2050 жылы экономикада сапа өзгеше сипат алатынын атап өтті. «Мемлекет басшысының бес институционалды реформасы жаңа адами капиталды, алға жылжудың жаңа институттарын өмірге әкеледі. Осы ретте Алматының әлеуеті өте зор, бұл - біздің тәуелсіздігіміз қалыптасқан, кәсіпкерлер шоғырланған, жаңа шығармашылық қауым мен жастар қаласы», - деді Б. Байбек. ҚР Инвестиция мен даму министрі Әсет Исекешев отандық инновациялық кластерді қалыптастыруда Алматының маңызды рөл атқаратындығын айтты. «Инновация апталығының Алматыда бастау алуы тегін емес. Еліміздегі стартапердің 90%-ы осы қалада жұмыс істейді, мұнда барлық жағдайлар жасалған», - деді министрлік басшысы. Фото: almaty.gov.kz  

Похожие материалы