Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда полицей мопед жүргізушісін жаяу қуып ұстады

Алматыда полицей мопед жүргізушісін жаяу қуып ұстады

Алматы. 7 тамыз. 7kun.kz – Әлеуметтік  желілерде полицей мопед жүргізушісін жаяу қуып бара жатқаны көрінетін видео тарады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Онда патрульдік полиция көлігінен қашқан мопед жүргізушісі жолдан шығып кетіп, ағаштар арасымен ізін суытпақшы болғанын байқауға болады. Кейін полиция қызметкері көліктен түсіп, оны жаяу қуып ұстайды.

«Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, бұл құқықбұзушылық Алматы қаласы Түрксіб ауданы, Бұқтырма көшесінің бойында тіркелген. Мамандандырылған батальонның экипажы жол жүру ережесін бұзып келе жатқан мопедті байқаған. Тоқтау туралы бұйрықты елемей, полиция қызметкерлерінен жолсыз жермен қашып кетпек болды. Алайда ол ұсталды. Оның үстінен ҚР ӘҚБтК 615-бабында көзделген құқықбұзушылық дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - деп хабарлады қалалық ПД-да.

Похожие материалы