Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда қағаз шығаратын зауыт іске қосылады

Алматыда қағаз шығаратын зауыт іске қосылады

Алматы. 11 шілде. 7kun.kz — Алматыда 2019 жылдың желтоқсанында 2 млрд теңгенің қағаз және қағаз өнімдерін шығаратын зауыт іске қосылады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта өндірістік алаңдарды қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Жобаны іске қосу 2019 жылдың желтоқсанына жоспарланған. Зауыт Алматыда салынып жатыр. Жобаның құны 2,4 млрд теңгені құрайды", - деп түсіндірді ведомствода.

Кәсіпорында жылына 70 мың тонна қағаз өнімдерін өндіреді. Оны Орталық Азия елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр. Барлығы 60 жұмыс орны ашылады.

Министрлікте атап өткендей, жобаны іске қосу ресейлік шикізатқа тәуелділікті 70%-ға азайтуға мүмкіндік береді.

Похожие материалы