Алматыда қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына сәйкес әзірлен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын бекітті.
Полицентрлік дамуға көшеді
Бас жоспарда моноцентристік моделден полиорталыққа көше отырып, 5 полиорталығы құрылады – олар «Шығыс қақпасы», «Тарихи орталық», «Солтүстік», «Оңтүстік-батыс», «Батыс» сынды арнайы аймақтар, қоғамдық және іскерлік белсенділік орталықтары.
ТЖ-ның негізгі мақсаты – инфрақұрылымның стратегиялық дамуын ескеріп, ретсіз құрылыс салмау және жер телімін тиімді бөлу, дейді әкімдікте. Жоспар бойынша полиорталықтар құру 2030 жылға қарай аяқталады.