13 сәуірде Алматыда қар көшкіні жүріп, салдарынан 2 адам зардап шекті, деп хабарлайды 7kun.kz.
13 сәуірде 13:28-де Алматы қалалық 109 құтқару қызметінің жедел кезекшісінен Медеу ауданы, Тұйықсу жоғары таулы аймағында "Молодежный" шыңында қар көшкіні түскені туралы хабарлама келіп түсті. Алдын ала ақпарат бойынша көшкін астында 2 адам қалды. Алғашқы Іздестіру-құтқару жұмыстарына 109-құтқару қызметінің құтқарушылары жұмылдырылған.
Сонымен қатар қазіргі уақытта Алматы қ.ТЖД басшылы (6 адам, 2 бірлік техника ), ҚР ТЖМ РЖҚЖ (7 адам, 1 бірлік техника, 1 кинологиялық есеп),Қазселденқорғау (3 адам 1 бірлік техника), Құтқару қызметі 109 (5 адам 2 бірлік техника, 1 кинологиялық есеп). Барлығы 26 адам, 6 бірлік техника, 2 кинологиялық есеп жұмылдырылды
Айта кетейік, бұған дейін ТЖД Қазгидромет РМК дауылды ескерту негізінде 2022 жылдың 9-13 сәуірінде таудағы көшкін қаупі туралы хабарлама жіберген болатын, қала тұрғындары мен қонақтарына байланыс абонеттерінен -sms, Дәрмен мобильді қосымшасы және қаланың медиабордтары арқылы алдын ала ескертілді.