Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда қарумен қорқытып, азық-түлік дүкенін тонаған қарақшы ұсталды – Видео

Алматыда қарумен қорқытып, азық-түлік дүкенін тонаған қарақшы ұсталды – Видео

Алматы. 18 тамыз. 7kun.kz – Алматыда ер адам қарумен қорқытып, азық-түлік дүкенін дүкен тонаған, деп хабарлайды 7kun.kz.

Күдікті Розыбакиев көшесінде тәулік бойы жұмыс істейтін дүкенге түнгі сағат бірде кіріп, күзетші мен кассирді қарумен қорқытып, кассадағы ақшаны ұрлап кеткен.

Аталған фактіге байланысты криминалдық полицияның тәжірибелі жедел қызметкерлерінен мен аудандық ПБ-ның тәртіп сақшыларынан арнайы жедел-іздестіру тобы құрылып, бір күннен кейін күдікті қолға түсті.

Оның жұмыс орнында, даяшы болып жұмыс істейтін дәмханалардың бірінде, қызметкерлерге арналған киім ауыстыратын бөлмеде заттай айғақ сақталған сөмке табылды, атап айтқанда оттық түрінде жасырылған мылтық, күдіктінің тонау кезінде киген киімдері мен басқа да құралдар, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Т. есімді қарақшы Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны болып шықты.

«Оның азық-түлік дүкендеріне жасалған тағы екі қарақшылық шабуылға қатысы бар екендігі анықталды. Қылмыстардың қолжазбасы бірдей. Сараптама жүргізу үстіндеміз. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Дидар Аханов.

https://www.youtube.com/watch?v=pMEWEcSOsD8&t=41s

Похожие материалы