Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда қазақстандық әйелдердің қаржылық сауаттылығы мәселесі талқыланды

Алматыда қазақстандық әйелдердің қаржылық сауаттылығы мәселесі талқыланды

Бүгін Қазақстан Баспасөз клубында Әйелдер көшбасшылығы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен баспасөз мәжілісі өтіп, іс-шара кезінде қазақстандық әйелдердің қаржылық сауаттылығы мәселесі талқыланды. Қаржылық сауаттылықты көтеруге бағытталған «Mama&Money» байқауының нәтижелері таныстырылды.

Standard &Poor’s рейтингтік агенттігінің 2015 жылы әлемнің 143 елінде жүргізген жаһандық зерттеуіне сәйкес Қазақстанның ересек тұрғындарының 40%-ы қаржы мәселесі жағынан сауатты деп танылды. Ер азаматтар арасындағы қаржылық сауаттылық көрсеткіші 35%-ды, ал әйелдер арасында 30%-ды (бұл барлық елдер бойынша алынған мәліметтер) құрады.

Әйелдер көшбасшылығы қорының жоба жөніндегі директоры Светлана Богатыреваның сөзінше, әйелдер көшбасшылығы қоры қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығын көтеруге бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастыруда. "Біз «Бизнес-мама» бағдарламасы аясында кәсіпкер-әйелдермен өзара байланысып отырамыз, ал өткен жылы Алматы қаласының оқушыларына қаржылық сауаттылықтың негіздерін үйретуге бағытталған жобаны жүзеге асырдық. Осы бағыттарда жұмыс жүргізу нәтижесінде аналардың қаржылық сауаттылық деңгейін көтеру қажет деген ойға келдік", - деді ол.

Сондай-ақ, ол «Mama&Money» байқауына қолдау көрсетіп, ұйымдастыруға көмектескені үшін Kaspi Bank-ке алғысын білдірді.

"Өкінішке қарай, біздің елімізде қаржылық сауаттылыққа аз көңіл бөлініп отыр. Ал қаржылық сауаттылық жеке және отбасылық бюджетті басқару, банк өнімдерін қолдана білу, қаржы қызметтерінің тұтынушысы ретінде өз құқықтарымызды білу секілді күнделікті өмірімізде аса қажет білім екені сөзсіз. Жас аналарға арналған жоба - жаңа білімдерді игеріп, тәжірибе алмасу үшін бірден-бір мүмкіндік. Жобаның нақты нысаналы тобы бар. Әрбір жас ананың алдында қаржымен байланысты сан алуан мәселелер туындап жатады, олар әрдайым оған жауап таба алмауы мүмкін. Сондықтан жоба әйелдердің барлығының басын қосып, сарапшылармен бірге қаржымен байланысты осы мәселелерді түсінуге мүмкіндік берді", - деді Kaspi Bank атқарушы директоры Маржан Елшібаева.

Ал KEREMET Holding заңгерлік фирмасының, Foodystan, DiningSmart және KeremetArt жобаларының негізін қалаушы Жібек Қараманова «Mama&Money» байқауы күнделікті өмірінде қаржылық операцияларды орындауы тиіс немесе осы мәселелермен кездесуі мүмкін әйелдерге бағытталғанын атап өтті.

Похожие материалы