Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда қоқыс полигоны өртенді

Алматыда қоқыс полигоны өртенді

Алматы. 16 мамыр. 7kun.kz – Алматы облысының Қарасай ауданында түнгі сағат екі шамасында қоқыс полигонында өрт шықты. Бұл туралы облыстық ТЖД ресми өкілі Ерлан Қылышбаев хабарлады.

Ерлан Қылышбаевтың айтуынша, өрт алаңы бір гектарды құрады.

Өрт сөндіру жұмыстары дөңгелекті техника үшін өрт ошағына кіре берістердің болмауынан күрделенді.

«Таңертең өрт сөндірілді, бірақ тұрмыстық қалдықтарды шығару жалғасуда. Сол жерде күл төгетін бульдозерлер жұмыс істейді», - деп атап өтті Қылышбаев.

Өрт себебі әзірге анықталған жоқ.

Алматы тұрғындары 15 мамыр күні кешкі уақытта әлеуметтік желілерде түтін мен өрттің иісіне шағымдана бастады. 16 мамыр күні таңертең бүкіл қала түтінмен жабылды.

Айта кетейік, Қарасай қоқыс полигоны 1989 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілді. Аумағы 11 гектарға жуық. Полигонда қала тұрғындарының, мемлекеттік және жеке мекемелердің қалдықтарын қабылдау жүзеге асырылады.

Похожие материалы