Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда құны 50 млн теңге болатын кабель өнімдерін ұрлағандар анықталды

Алматыда құны 50 млн теңге болатын кабель өнімдерін ұрлағандар анықталды

Алматы. 2 қыркүйек. 7kun.kz – Алматыда кәсіпорын қызметкерлері құны 50 млн теңгелік кабель өнімдерін ұрлағандар сотталды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ұрлықты байланыс кәсіпорындарының бірінің 14 қызметкері бірнеше кезеңмен жүзеге асырған. Олар қала аумағында кабельдердің, тізбектердің және дабыл қорғанысының орналасқан жерін біле отырып, 2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың қаңтар айының соңына дейін ұрлықты ұйымдастырған. Жалпы материалдық шығын – 50 миллион теңгеден астам.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 1-тармағына (Ұрлық, яғни алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобының аса ірі көлемде мүлікті жымқыруы) сәйкес қозғалған қылмыстық іс аяқталды.

Похожие материалы