Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда республикалық туризм жәрмеңкесі өтеді

Алматыда республикалық туризм жәрмеңкесі өтеді

Алматы. 24 ақпан. 7kun.kz - 2017 жылдың 26-ақпанында Алматыда «Тұтынушылар үшін Бизнес» (В2С) форматында «Менің Қазақстаным-2017» республикалық туризм жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады. 

Жәрмеңкеге 5000 жуық қатысушылар мен қонақтар келеді деп жоспарланып отыр. Алматы қаласының БАҚ пен ЖОО туризм және менджмент саласында оқитын еріктілердің көмегімен үлкен жарнама жасалынады.

«Тұтынушылар үшін Бизнес» (В2С) - жаңа форматтағы жоба. Ол ішкі және халықаралық туризмді, іс – шара туризімін және Қазақстандағы франчайзингті дамытады. Сонымен қатар, жәрмеңке қатысушылар үшін  ынтымақтастық пен ыңғайлы жұмыс жасауға қолайлы алаң туғызады. Жобаға туристік, компаниялар, лагерьлер, санаториялар, демалыс орындары, ресторандар және қонақүйлер шақырылды. Одан бөлек фестиваль ұйымдастырушылары мен қол өнер иелері де қатыса алады.

Іс-шара қонақтары ЭКСПО-2017 көрмесіне билет алып, туристік компаниялармен таныса алады. Демалыс орындары мен санаторияларға арнайы бағамен жолдама беріледі. Сонымен бірге, Алматы облысы аумағында өтетін мерекелік іс-шараларға қатысуға да мүмкіндік туады. Жоба аясында түрлі  ұтыс ойындары ойнатылып, демеушілерден арнайы сыйлықтар дайындалады.

Толық ақпаратты Алматы қ-сы, Абай даңғылы 52В, 709 офистен немесе kaztoc@mail.ru поштасына хат жолдау арқылы біле аласыздар.

Похожие материалы