13 қараша күні Алматыда Салық конференциясы өтеді. Қатысушылар үкіметтің жемқорлық пен экономикалық құлдырауларға қарсы қолданып жатқан шараларын қолдау мақсатында салық және кедендік басқару жұмыстарын жетілдіру жолдарын талқылайды. Бұл туралы Алматы қаласының Мемлекеттік кіріс департаментінің сайтында хабарланды.
«Конференция қосымша ақпарат үшін маңызды болмақ. Бизнес жағдайын жақсарту саласында күш біріктіруге мүмкіндк береді. Сондай-ақ, басты мәселелермен бөлісуге, оның шешімін табуға көмектеседі», – делінген конференция анонсында.
Конференция кезінде қатысушылар мына мәселелр бойынша түсіндірме семинарларына қатыса алады:
- Соңғы рет өзгертілген Салық заңына шолулар (салық тексерулері, салықтық бақылаулар, мониторинг бойынша түзетулер, салық регистрлары)
- Соңғы өзгерістер бойынша салық басқаруына байланысты негізгі сұрақтар;
- Корпоративті табыс салығы;
- Электронды есеп-фактурасы;
- Қосымша құн салығын басқару;
- Резидент еместерге салық салу, резиденттік сертификаттар;
Конференцияға қаржы министрлігі, мемлекеттік кіріс комитеті, қазынашылық комитеті, консалтингтік компания және құжаттарды реттеуші өкілдері қатысады деп жоспарлануда.