Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда "Сергек" камераларының саны ұлғаяды

Алматыда "Сергек" камераларының саны ұлғаяды

Алматы. 27 қаңтар. 7kun.kz — Құқықбұзушылықты видеобақылаудың автоматты жүйесі алғашқы оң нәтижені берді. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-да жазды, деп хабарлады қалалық әкімдікте.

Қалада жаңа жылдан бастап аппаратты-бағдарламалы «Сергек» кешенінің 400 бекеті жұмыс істей бастаған. Алғашқы 22 күн ішінде олар 4,5 мыңнан астам жол қозғалысы ережесінің бұзылғанын тіркеді. Нәтижесінде осы күндер ішінде ЖКО 11,6%-ға төмендеген.

Жалпы, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қылмыс 38%-ға қысқарған.  Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар одан әрі жалғасады, оның ішінде жолдар мен қалалықтар көп жиналатын жерлерде видеобақылау мониторингінің жүйесі кеңінен қолданылады.

«Осы жылы «Сергектің» қосымша 360-тан астам бекетін орнатуды жоспарлаудамыз. Әр жыл сайын қоғамдық тәртіптің бұзылуын қадағалайтын автоматты видеобақылау жүйесінің үлесі артатын болады», - деп хабарлады Б. Сағынтаев.

Еске сала кетейік, Бақытжан Сағынтаев 2019 жылдың 5 шілдесінде қалалық полиция департаментінің басшылығымен өткен кеңесте учаскелік және патрульдік жұмыстар мен патрульдеу бағыттарын қайта қарауды тапсырды.

Өткен жылдың күзінде барлық аудандарда барынша криминогенді учаскелер анықталып, полицияның 23 мобильді бекеттері орнатылды. Оларға 2424 адам жүгінді, нәтижесінде 300 әкімшілік іс қозғалды, 956 өтініш бойынша жедел шаралар қабылданды. Өтініш жасаған 1167 адамға заңнамалық көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, барлық аудандарда 32 күрделі учаскелер анықталды, бұларда жаяу наряд жасайтындар саны ұлғайды. Полицияның аудандық басқармаларына 22600-ден астам адам жеткізілді.

Похожие материалы