Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда Starbucks-тің 2 кофеханасы ашылады

Алматыда Starbucks-тің 2 кофеханасы ашылады

Ең танымал кофе брендінің бірі Starbucks Қазақстанда 2016-жылдың басында  екі кофеханасын ашуды жоспарлап отыр. Нүктелері Алматы қаласында орналасады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

"Біз Қазақстанда кофеханамызды ашатынымызға қуаныштымыз. Бізге елдегі кофе мәдениетінің қалыптасқаны білгілі. Енді Starbacks-тің де алматылық бөлшек сауда нарығының бір бөлігі болуына уақыты келді. Біз Қазақстанға көп ұзамай Starbucks-тің қайталанбас стилін әкелу мүмкіншілігіне ие болып отырғанымызға қуаныштымыз",- деді лицензия мәселелері бойынша жауапты компанияның вице-президенті Рис Али. Starbacks кофеханалары Mega Alma-Ata және Mega Park ойын-сауық орталықтарында орналасатын болады. Starbacks - клиенттеріне кофе сусындарын ұсынып, сатуға бағытталған және де кофеханалар атауы болып келетін американдық компания. Басқарушы компаниясы - Starbucks Corporation. Starbucks - дүниежүзіндегі ең ірі кофеханалар ұстайтын компания болып табылады. Starbacks компаниясының 64 елде 20,5 мың кофеханасы бар. Starbucks эспрессо, капучино, латте макиато және өзге де ыстық және салқын кофе сусындарын, ыстық және салқын сэндвичтерді, бәліштерді, шайнамаларды, стақан мен шыны-аяқтарды да сатумен айналысады. Компанияның штаб-пәтері - Сиэтлде, Вашингтон штатында орналасқан.

Похожие материалы