Алматы. 19 қыркүйек. 7kun.kz – Алматыда жаппай төбелескен студенттер ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Қалалық ПД дерегінше, ойын-сауық мекемесінде мерекелік
іс-шараны тойлап жатқан жоғары оқу орындарының бірінің студенттері жаппай
төбелеске қатысқан.
«Бұл дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша
сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Төбелеске қатысушылардың
әрқайсысы анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатын
болады. Олардың әрқайсысының әрекетіне тергеу тарапынан құқықтық баға беріледі»,
– деді Бостандық аудандық ПБ бастығы Думан Аухадиев.
Жәбірленушілер мен зардап шеккендер жоқ.