Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда тұрғындардың 70 пайызы саудамен айналысады

Алматыда тұрғындардың 70 пайызы саудамен айналысады

Алматы. 8 ақпан. 7kun.kz - Алматы қаласында тұрғындардың 70%-ы сауда саласында еңбек етеді. Мегаполисте ірі желілік маркеттер мен сауда базарларын есептемегенде, 4,5 мың сауда нүктесі, тұрғын үйлердегі дүкендер бар. Дегенмен palata.kz cайтының жазуынша, бизнестің осы түрі есеп пен бақылауға толық алынбай отыр.

Cондықтан «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен өткен кездесуде өңірлер бойынша кәсіпкерлердің мәселелерін шешуге мүдделі бола алатын салалық қауымдастықтардың рөлін нығайтып, оларды ірі қауымдастықтарға айналдыру қажеттілігі сөз болды. Сонымен қатар, интернет саудамен айналысатын қазақстандық импорттаушы кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын нормативтік құжаттарды жетілдіру жайы айтылды.

Мәселен, Қазақстанда өз ісін жүргізіп жүрген онлайн саудамен айналысатын шетелдік ірі компаниялар республикалық бюджетке мүлдем төлем жасамайды. Сондықтан да осындай әділетсіздікке тап болған отандық компаниялар оларға тиісті деңгейде бәсекелес бола алмауда.

Сауда базарларына қатысты мәселе әлі де ашық күйінде қалып отыр. Осы күнге дейін жалға алушылармен ара-қатынас, тауар айналымының ашықтығы, салық төлемдері, санитарлық және өрт қауіпсіздігі сияқты проблемалар шешімін таппаған.

«Атамекен» ҰКП басшысы сауда саласын дамытуда интернеттің рөлін, жаңа стандарттарға сай келетін биржалық сауда-саттықты ескеретін арнайы мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу қажеттігін, базарларды модернизациялау, елде құрылып жатқан көтерме-бөлшек сауда орталықтарының жұмыстарын назарда ұстау керектігін атап өтті.

«Ауыл шаруашылық өнімдерін сауда орындарына жеткізу – аса маңызды мәселе. Біз сіздермен бұл сұрақты талқыладық. Бұл мәселе Үкіметтің де бақылауында тұр. Сондықтан да бизнес қауымдастықтың ұсыныстарын айқындап алуымыз қажет. Және де ауыл шаруашылық өнімдерін жеткізуге қатысты барлық сұрақтар, отандық өнімдердің шынайы бағамен тұтынушыларға жеткізілуіне қандай әкімшілік кедергілер бар екендігі егжей-тегжейлі қаралуы керек», – деді Тимур Құлыбаев.

Похожие материалы