Экономика
Алматыда тағы 5 базар сүріледі
Алматыда тағы 5 базар қайта құрылымдаудан өтеді. Яғңи, қала тұрғындарына қолайсыздық тудырып тұрған базар бөліктері сүріліп, орнына заманауи сауда кешендері салынады.
Алматы қалақұрылыс және сәулет басқармасы бастығының орынбасары Жанат Айтілеу мәлімдегендей сүрілетін базарлар құрамына мына мекен-жайда орналасқан сауда нүктелері кіреді:
"Сарыарқа" базары. Алтынсарин даңғылы, Ұлықбек көшесінің қиылысы.
"Арыстан" базары. Момышұлы-Жұбанов көшелерінің қиылысы.
"Тигрохауд" базары. Абай-Алтынсарин даңғылдарының қиылысы.
"Тастақ" базары. Төле би даңғылы. Брусиловский көшесінің қиылысы.
Ел арасында "Оптовка" атанып кеткен "Жұлдыз" базары. Райымбек даңғылы. Розыбакиев көшесінің қиылысы.
Барлық сауда нүктелерінің басшылығына АЖТ (архитектуралық жоспарлау тапсырмасы) техникалық шарттары тапсырылған. Қайта құрылымдау құрылысының нақты мерзімі айтылмады.