Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда тағы екі метро станциясының құрылысы жүріп жатыр

Алматыда тағы екі метро станциясының құрылысы жүріп жатыр

Алматыда метро құрылысы жүріп жатыр. "Сарыарқа" және "Достық" станциялары заманауи стильде безендіріледі. Қаржы жеткілікті болған жағдайда жаңа бағыттағы қозғалыс алдағы 4 жылда іске қосылмақ. Абай даңғылы бойындағы Family  демалыс саябағының алдында шұңқыр қазылып қойды деп хабарлайды  «Алматы» телеарнасы.

Жолаушылар платформасының құрылысы 35 метр тереңдікте жүргізілуде. Абай-Момышұлындағы аялдаманың кіре берісін жерүсті етпек. Ол жерде құрылысқа кедергі келтіріп отырған 40 үй бар. Соларды сүру мәселесі қаралып жатыр. Бүгінде Мәскеу мен Райымбек ақырғы станцияларының арақашықтығы 10,5 шақырым. Пойыздар аралығы 10 минуттан аспайды. Күту уақытын қысқарту үшін тағы 4 құрам қосу жоспарда бар.

Похожие материалы