Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда Technation бағдарламасының жеңімпаз жобалары анықталды

Алматыда Technation бағдарламасының жеңімпаз жобалары анықталды

26 шілде күні Алматы қаласында Technation халықаралық  байқауы сарапшылар комиссиясының отырысы өтті.

Жобаны Инвестициялар және даму министрілігі мен «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» Almaty Tech Garden инновациялық кластерінің аясында бірлесіп ұйымдастырған болатын. Technation-ды «Kaspi Bank» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким, тәуекелшіл инвестор Кеңес Рақышев және «RESMI» компаниялар тобының негізін салушылардың бірі Қайрат Мәжібаев қолдады. 26 шілдеде күні бойы 40 қатысушы топ өз жобаларын қазылар алқасына таныстырды. Байқаудың 9 жеңімпаз жобасы белгілі болды. Енді олар акселерацияға қатысып, 19-20 қыркүйек күні өтетін Tech Garden Fest фестивалінде жобаларын таныстыруға мүмкіндік алды. Жеңімпаз жобалар:
  • BIZMO;
  • Greedy;
  • FastCallManager;
  • Indybo;
  • Mobile CRM;
  • Mangust;
  • AlmaSales;
  • picVpic;
  • Crystal.
Дайындықтан соң стартапшылар білім алуға, шеберлік сыныптарына қатысуға, инвесторлармен және бәсекелестермен кездесуге бір айға Кремний алқабына барады. Қазақстанға оралған соң байқау ұйымдастырушылары оларға екі жыл көлемінде пиар және консалтинг қызметтерін көрсетіп, көмектеседі. Ақпарат көзі: Форбс

Похожие материалы